Posl ZKO gl Бүгін Қазақстанның үшінші модернизациялауына арналған Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауының жариялауынан кейін Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Блялов Рашид жиналыс өткізді.
Жолдаудың ерекшелігі, Президенттің Қазақстанның үшінші модернизациялауын жүзеге асыру міндетіне ерекше көңіл бөлді. Оның айтуынша, әлемде кезекті төртінші өндірістік төңкеріс басталды. Экономиканың жаппай цифровизациясы салалардың толықтай жойылуына және жаңа салалардың құрылуына алып келеді. Көз алдымызда өткіп жатқан ұлы өзгерістер – бұл ұлт үшін бір уақыттағы тарихи шақырту және мүмкіндік.
Posl ZKO 1 - Президент өз жолдауыңда қазақстандықтардың алдында жаңа масштабты міндеттерді қойды. Оның орындалуына барлық күш-жігерімізді салуымыз қажет. Біз «Нұрлы жол» экономикалық политикасының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының арқасында біршама жетістіктерге жеттік. Қазір Президент алдымызға қиын міндеттерді қойды. Енді біз Отанымыздың - Қазақстан Республикасының игілігі үшін Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыруға міндеттіміз. Әрбіріміз өз жұмысында адал жұмыс атқарып, мемлекеттік органдардың алдына қойған ағымдағы мәселелерді жедел шешуіміз қажет, - деп Рашид Бекетович атап өтті.
Жиналыста сөз сөйлеген бөлімшелердің басшылары жолдаудың уақыттылығы мен маңыздылығын айтып өтіп, жеке құрамның қойылған міндеттерді шешуге жұмысын күшейтетіне сенім білдірді.
 
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы