12 pamyt Kzyl Orda 1 Кейде құтқарушы мамандығы жаныңды құрбан ете отырып қызмет етуді талап етеді. Осыдан 10 жылдай уақыт бұрын бірнеше отбасы қызметке кеткен жақындарын: бірі ұлын, енді бірі бауыры мен отағасын кеткен қызметінен қайта оралуын ұзақ күтті, бірақ олар оралмады.

13 Exurciya mang 1 Өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығымен танысу мақсатында, № 5 орта білім беру мектебінің оқушылары Ақтау қ. № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне келді. Мұражай бойынша экскурсияны өрт сөндірушілердің кәсіби даярлық мектебінің аға оқытушысы Жанна Нұрбергенова өткізген болатын. Экскурсоводтың әңгімесінен, балалар өрт сөндіру бөлімдері өз автотұрақтарына ие екендігін білді.

15 OSO SKO 6 Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағында жасақ басшысы Тезекпаев Алтайдың басшылығында 47 еңбекқор, батыл, қайратты ер азаматтар еңбек етуде. Олар тәуліктің кез келген уақытында жұмыс істеуге даяр. Ауа-райының қандай болуына қарамастан, қарлы-боран да, жаңбыр да сондай қайсарлы адамдарды қорқытпайды. Олар басқа адамдарға көмек көрсету үшін өздерін еш аямайды. Себебі, басқаларға көмек көрсету, олар үшін өмірдің бір бөлшегі.