28 ZKO DSH 1 Өрттерге жол бермеу, балалардың тентектігі кесірінен улы газбен уланып қалмау мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлерімен мектептердің ата-аналар комитетімен жиналыс өткізілді.
Кездесу барысында қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді.

29 Akmola Sovesh 1 2018 жылғы 15 ақпанда Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің оқу сыныбында Департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасымен Ақмола облысы бойынша ҚС және АЕАК бөлімінің аға прокуроры Т.Қ.Мұқашевамен және ҚС және АЕАК ақпараттандыру бөлімінің аға прокуроры Б.И.Саттыбаевпен ҚР БП арнайы есепке алу және құқықтық статистика бойынша комитеті басқармасының қызметкерлерін шақырумен Көкшетау және Степногорск қалаларының және аудан төтенше жағдайлар бөлімінің бас мамандарымен семинар кеңес өткізілді.

30 Akmola DOD 1 Азаматтық қорғау дүниежүзілік күні қарсаңында, Көкшетау қаласы №26 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру – құтқарушылар мектеп оқушыларына ерекше саяхат ұйымдастырды.
2018 жылғы 15 ақпанда Көкшетау қаласы №26 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі ғимаратында бұрын-соңды болмағандай шуылы болды.