25 akt 1 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде, Ақтөбе облысының ТЖД өрт сөндіруші-құтқарушылары облысымыздағы ең биік ғимаратта өздерін сынап көруге бел байлады. Қатар бой түзеген 25 қабатты үш ғимараттың бірінде өрт сөндірушілер 25-қабатқа «тікесінен көтерілу» бойынша жарысқа қатысты.
Әр қабат біздің тәуелсіздігіміздің бір жылы іспетті болды, сәйкесінше 25-қабат жарысқа қатысушылардың жеңіс тұғыры, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жеңісі ретінде сипатталды. Бұл жол – біздің республикамыздың бүгінгі күнге дейін жеткен бірлік пен ынтымақтастығының жолы болды!

pr reliz 4 2016 жылғы 14 желтоқсанда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин құттықтау сөз сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздік жылдары біздің елімізде өткен ғаламдық өзгерістерді атап өтті.

roves pavl 1 Дәурен Қажқаримов – Павлодар қаласы ТЖ басқармасы өртті мемлекеттік бақылау тобының инженері. Ол 1991 жылы 14 қазанда Омбы облысы Руско-Полянск ауданында дүниеге келген. Әкесі ұлының туғаны туралы естігенде барлық туыстарына хабар береді және Дәурен деген ат қояды, «Дәуір» деген сөзден шыққан, өзгеріс кезеңінде туған деген мағынаны білдіреді. Содан бері Дәуреннің туған күні отбасы үшін жаңа тәуелсіз мемлекеттің тууының нысанына айналды.

Подкатегории