Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығың тойлау шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы үшін маңызды оқиға – «Ильинское» ЖШС-да өрт сөндіру бекеті ашылды.
Аталмыш шараның ашылу салтанатына «Ильинское» ЖШС-нің автобаза меңгерушісі - өрт сөндіру бекетінің жетекшісі Алексей Пономарев, Ильинка ауылдық округінің әкімі Наталья Кудряшова, Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Динара Ғаббасова, Есіл ауданы әкімі аппараты ТЖ және АҚ жөніндегі бас инспекторы Мінайдар Тілеукин, №10 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Ринат Қанғожинов қатысты.

nagr Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жылдығын тойлау шеңберінде Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан үлкен бір топ азаматты наградалармен, алғыс хаттармен және грамоталармен марапаттады. Олардың ішінде Алматы қаласының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 6 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Жанболат Өсербаев та бар.
Жиырма бес жасар өрт сөндіруші қайғылы оқиғаның алдын алды. Екі жас бала өздерінің тентектіктігінен лаулап жанған пәтердегі өрттің құрбандары бола жаздады.

27 желтоқсанда Жамбыл облысында кей уақытта 15-20 м/с оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел, екпіні 25 күтілуде, таңертен және күндіз облыстын оңтүстік батысында кей уақытта 30 м/с астам. 27 желтоқсанда күндіз тау және тау бөктеріндеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын күтілуде. кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын.