25 IUS Kar da 1 Баку қаласының Ататүрік әуежайында балаларды Әзірбайжан Республикасы ТЖМ қызметкерлері қарсы алды. Содан кейін жас құтқарушылар ресми іс-шараларға қатысты – әзірбайжан халқының жалпы ұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің қабір басына гүл қойып, Шехидтер аллеясы мен Мемлекеттік ту алаңына барды.

ҚР ІІМ ТЖ комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері халыққа су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша үздіксіз профилактикалық жұмыс жүргізуде.
 Тек өткен аптада ғана құтқарушылар, жергілікті полиция қызметі, волонтерлар және басқа ұйымдар 500 астам патрульдеуді және рейдті жүргізді, әкімшілік жауапкершілікке 82 адам тартылды. Демалып жатқан азаматтарға 15 мыңға жуық көрнекті үгіт материалдар таратылды. Су айдындарында 67 тыйым салу және ескерту белгілері орнатылды, 26 көрнекі стенд жабдықталды. Құтқарушылар 786 баланы жүзуге үйретті.

28 plyaj zko 1 Адам өмір сүрген сайын көпті көріп білімді атанып және әдіс-тәсілдердің қыр-сырын біле тұрса да, негізгі ұғымды жас кезінде игеретіні анық. Осы уақытта алған мәліметтер мен тәжірибелер ұзақ уақытқа олардың естерінде қалады. Сондықтан, қауіпсіздікке баулуды жас кезінде үйреткен абзал. Балаларға қауіпсіздік ережелерін айтумен қоса дағдыларын қалыптастыру жағын ұйымдастырған тиімдірек.

Подкатегории