15 brief atyrau Ағымдағы жылғы жаз мезгіліндегі ыстық, жауын-шашынсыз ауа-райының болуы далалық алқаптарда жанулардың орын алып, оның көп аумаққа таралуына алып келді.
Осыған орай Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шалғай аудандардағы дала өрттері» тақырыбында брифинг ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде Индер ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Сақыпқлиев Ізбасар және Қызылқоға ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Карин Айбол сөз сөйледі.

2017 жылғы 21 тамызда сағат 11:46-да ұн тарту комбинатының өрт күзету қызметінен «101» нөміріне элеватор аумағында өрттің таралу қаупі бар жарылыстың болғаны туралы хабар келіп түсті.
Өрт орнына келген кезде элеватордың жұмыс мұнарасында астықты сепараторда өңдеу бойынша технологиялық процесс кезінде астық шаңының жарылысы болғандығы анықталды. Жарылыстан жұмыс мұнарасының ғимараты зардап шегіп, еденнің бетон құрылымы қираған.

Жыл сайынғы жүргізілетін тұрғын сектордағы өрттерді талдау, атқарылып жатқан алдын алу жұмыстарына қарамастан облыстағы тұрғын сектор өрттердің негізгі нысаны болуда.
Тұрғын сектордағы өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету бүгінгі күнде Алматы облысы ТЖ департаментінің күнделікті жұмысында өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Тұрғын сектордағы алдын алу жұмыстарды күшейту мақсатында облыс аумағында өрт қауіпсіздік айлығы үш кезеңде өткізіледі. 2017 жылғы 1 қыркүйегінен 30 кыркүйегі аралығында өрт қауіпсіздігінің үшінші кезеңі өткізіледі. Бұл кезең улы газдан адам өлімі мен жарақаттануын алдын алу мақсатында 2017-2018 жж. пеш жағу кезеңінің басында өткізіледі.

Подкатегории