26 Kyzyl Orda Blagod 1 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне «DAF» маркалы жүк көлігінің жанар-жағар майы қатып қалуы себебінен тоқтап қалғандығы жөнінде және көлікте Беларусь Республикасының екі азаматы бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Аталмыш хабарламаға сәйкес төмендегі жұмыстар ұйымдастырылып, атқарылды: 2017 жылғы 17 желтоқсанда оқиға орнына Арал ауданы ТЖ бөлімінің және Аралқұм ауылдық округінің әкімшілігінің қызметкерлері жіберілді.

27 VKO ReiD Piro 1 Өскемен қаласының ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметкерлері және қала ІІБ полицейлері Өскеменде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату жағдайларын анықтау мақсатында сауда үйлері мен базарларға рейдті бастады.
Бірінші рейд «Заречный» базары мен Тәуелсіздік даңғылындағы көптеп сату маркетінен басталды, құқыққорғау органдарының офицерлері сауда орындарын мұқият тексерді, әзірге пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату фактілері анықталған жоқ.

28 Kar da ReiD Rybaki 1 ҚР Тәуелсіздігін мерекелеу күні ТЖ департаментінің қызметкерлері қыс мезгілінде қауіпсіздік сұрақтары бойынша кезекті профилактикалық рейдті өткізді. Бұл жолы құтқарушылар Осакаров ауданы Молодежное кенті Сәтпаев атындағы каналына барды.
Облыс су қоймаларында үгіт-насихаттық жұмыс өткізудің аясында ТЖД қызметкерлері тұрғындар мен балықщылармен әңгіме өткізіп, қыс мезгілінде су қоймаларында жүріс-тұрыс жаднамаларын таратты.

Подкатегории