26 SKO VeteraN 1 «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің оку сыныбында № 3 МӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Арғымбаев Азамат Мұратұлын құрметті демалысқа шығарып салды.

2017 жылғы 6 қазанда сағат 11.00-де Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы «Тәуелсіздік» алаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты күндізгі оқу факультетінің 1-курс курсанттарының (139 курсант) ант беру салтанатты рәсімі өтеді.

29 Almaty Seysmo 1 2017 жылғы 5 қазанда Алматыда азаматтық қорғау қалалық жүйесінің дайындығын және ықтимал жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-қимылдарын тексеруге бағытталған жалпықалалық сейсможаттығу өтті.
Жаттығуға азаматтық қорғаудың барлық қызметтері, ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар, медициналық мекемелер, жоғары, арнайы орта және орта білім беру мекемелері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Подкатегории