Оңтүстік Қазақстан облысында «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» мерекелік іс-шаралар өтуде. Тәуелсіздік мерекесіне дейінгі 25 жұлдызды күн ішінде аудандарда және қалаларда салтанатты жиналыстар, концерттік бағдарламалар, ардагерлермен кездесу және туған жерінің дамуына үлес қосқан оңтүстік қазақстандықтарды марапаттау рәсімдері өткізілетін болады. Осындай мерейтойлық акцияның бір күні облыстық опера және балет театрында өтті. Шымкент қаласы әкімдігі «Тілдерді оқыту орталығының» бастамасымен «Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл» атты форум өтті. Форумға өзге ұлт өкілдері арасындағы мемлекеттік тіл білгірлері жиналды. Өздерінің сөз сөйлеулері кезінде сөйлеу этикеті дағдыларын көрсете білді.
1991 жылғы 1 желтоқсанда біздің ел өз Президентін сайлады, және дәл осы уақыттан бастап тәуелсіздік тарихы басталды. Бүгінгі таңда өткен жолға қарағанда Одақ кеңесі қирағаннан кейін миллиондаған қазақстандықтар өз үмітін жүктеген адам не сезінгенін түсінгіміз келеді. Қазақстан сол күндері неге ұқсады? Үлкен аумақтар, қолданыстағы ядролық полигон, көпұлтты халық және бақытты болашаққа деген айқын үміт.
Және де оған сенген адамдарды алға шығарамын деген жалғыз адам. Мен ылғи да таң қаламын, осы үшін қаншалықты моральдық күш қажет. Бұл үшін адамда өз халқына деген шексіз сенім мен болжамғыш қаншалықты болу керек. Ол басқалардан қарағанда әрдайым бір қағамға алда болды. Тарихта да бір қадам алда болды. Ол бізбен бірге жаңа Қазақстанның бойын көтерді. Ол шын мәнінде де Елбасы.
Мемлекет туралы жалпы ойлап, әр азамат туралы да ұмытпады. Бізді бірлік, отансүйгіштікке үйреткен адам, ең бастысы ол бізді – сенімге үйретті. Өзіне сенуге, болашаққа сенуге.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Ризашылық күні - Доброта во благо детям!» атты жыл сайынғы мерекеге қатысып, өзінің Ілияс Садықов деген патронажды баласын тағы да құттықтады.
ШҚО ТЖД бірнеше жыл бұрын Детская деревнядан ұл баланы патронатты тәрбиелеуге алған болатын. ШҚО ТЖД басшылығы мен қызметкерлері қамқорлықсыз қалған жетім балаларды демеу жөніндегі акцияларға белсенді түрде қатысады. Осындай қадам патронажды баланы келешекте баспанамен және жұмыспен қамтуға септігін тигізеді. Жыл сайын баланың «Тұрғынүйжинақбанкі»депозитіне бір күндік жалақы көлемінде қаражат түсіп отырады. Бала кәмелетке жасқа толмайынша азын-аулақ сомма жиналып қалады. Бұл балаға өзін баспанамен қамтуға немесе қалған соммаға сол банктен несие ресімдеуге көмегін тигізеді. Несиені төлеу үшін бала ең алдымен білім алып, жақсы жұмысқа тұруы қажет. Бұл мәселеге келгенде жауапкершілікті баланы қамқорлығына алған ұйым өзіне алады.