14 Nagrady Aqmola 12 мамырда ағымдағы жылғы су тасқыны кезеңінде құтқару бөлімшелері жұмысының қорытындысы бойынша Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына Ақмола облысының әкімінен алғыс хаттар табысталды. Марапатталғандардың ішінде су тасқынына қарсы шараларда ерекше көзге түскен №2 құтқару бөлімшесінің басшысы Қ.Б.Есмағұлов, №3 құтқару бөлімшесінің басшысы Р.Д.Мужупов, №3 құтқару бөлімшесің бас құтқарушысы А.З.Фирсов.

16 DUS Astana 1 12 мамыр күні Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің «Құтқарушы» спорт кешені аумағында мектеп оқушылары арасында жас құтқарушылардың қалалық жарыстары өтті.
Қалалық жарыстардың ақтық сайысына Астана қаласы білім ордаларының 9 командасы қатысты «Алматы» ауданы бойынша №54 мектеп-лицейі мен № 28, 16 орта мектептері қатысты.

18 DUP VKO 1 Жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қозғалысы Өскеменде бірнеше жыл бойы жетілдіріліп келеді. Балалар осындай іс-шаралардың арқасында, отпен абай болу ережесіне, өзін-өзі құтқаруға, алғашқы көмек көрсету әдістеріне үйренеді. Өскеменде салт бойынша мамыр айында жас өрт сөндірушілер мен құтқарушылар дружинасы арасында жарыс өткізіледі. Бұл жылы да солай болды. 12 мамырда №2 өрт сөндіру бөлімшесінің базасында келе жатқан Қазақстандық полициясының 25-жылдығы аясында ең үздік командаға жарысқан, 150 баланың арасында жарыс өткізілді.