2018 жылғы 28 мамырда сағат 12.00-де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде (Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильиннің қатысуымен брифинг өтеді, онда мына мәселелер бойынша ақпарат жеткізіледі:

Апаттар медицинасы бөлімі а.ж. 24-мамырында «Шұғыл психологиядық жәрдем көрсету» тақырыбына видеоконференция режимінде семинар-жиналыс өткізді.
Семинар-жиналыста ТЖК аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелерінің психологтарының ТЖ кезінде тұрғын халыққа шұғыл психологиялық жәрдем көрсету бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу және шұғыл психологиялық жәрдемнің әртүрлі бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастыру дағдыларын бекіту қарастырылды.

31 KTi Vstre4a 1 2018 жылдың 24-ші мамырында Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтына (бұдан әрі - Институт) Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Сарманқұлұлы Әміров келді.
Бұл сапар патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік қызметтің имиджін одан әрі нығайту және жеке практикалық тәжірибесін Институт түлектерімен бөлісу аясында өтті.