17 IUKO pamyatnik 1 Шымкент қаласында, кәсіби мереке - Құтқарушылар күнін мерекелеу күні Абай саябағындағы Даңқ гүлзарында қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға ескерткіш ашылды. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Викторович Ильин, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербісов, оның орынбасарлары, Шымкент қаласы ТЖ департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Владимир Васильевич Витков, қаза болған батырлардың туыстары, жеке құрам қатысты.

18 Almaty 1 Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының құтқарушысы Күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті. Шарада қаланың төтенше жағдайлар қызметтерінің ардагерлері және өрт сөндірушілер гарнизонының құтқарушылары мен жауынгерлері және арнайы шақырылған қонақтар болды.
Салтанатты шараны Алматы қаласының ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің үрмелі аспаптар оркестрі мемлекеттік әнұранды орындау арқылы ашты.

26 Alm Obl Spasatel Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының Қапшағай өңірінің құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Қанат Қамалбекұлы Қалиев жүйеде 2017 жылынан жұмыс істеп келе жатыр, құтқарушы лауазымына сол жылы тағайындалды.
Қызмет өткеру кезінде өзін жоғары білікті және сауатты ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман, ретінде танытты. Қызметте ынталы.