Христиандық «Крещение Господне» мерекесіне де аз уақыт қалды, республиканың азаматтары 2018 жылы 19 қаңтарда крещение шомылуына қатысады. Осыған орай, ҚР ІІМ ТЖ комитеті халыққа суайдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау туралы ескертеді.
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің аумақтық блімшелері осы мерекеге орай жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті полиция қызметімен және басқа қызметтермен алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Крещение Господне православиелік мерекесінің басталу қарсаңында, 18 қаңтар күні сағат 20-00-ден бастап 19 қаңтардың 19-00-ге дейін, Есіл өзенінің 2 алаңында (Үлкен Атлалау және Самал шағын ауданында) шомылу үшін екі мұз ойығы жасалған, мұнда елордалық құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік ететін болады.

21 VKO kr 1 Бүгін «SEMEI» телевизиялық арна эфирінде құтқарушылар «Қайырлы таң» бағдарламасында тікелей эфирде православ мерекесі кезіндегі қауіпсіздік туралы өзекті мәселе сөз етілді.
Бағдарламада Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғаныс бөлімінің офицерлері Дмитрий Асқаров пен Думан Икенов және ШӨАШҚЖ 7-ші бөлімше құтқарушылары Ринат Мұхтаров пен А. Сатыбалды сөз сөйлеп, қаңтардың 18-нен 19-на қараған түнде өтетін крещендік суға шомылу кезінде қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететіндерін айтып өтті.