112 пультіне жалғыз басты қарт адамдар тұратын пәтерлердің есігін ашу туралы көптеген хабарламалар түсіп жатады. Көбінесе бұл адамдар есіктегі әр түрлі ысырмаларды жауып қояды.
Медициналық көмекті уақытылы шақырған мейрімді көршілердің арқасында көптеген адамдардың өмірі құтқарылды.
Адам бірнеше күн пәтерінен шықпайды, есік және телефон арқылы соғылған қоңырауға мән бермейді, осындай тәрізді жағдайды болдырмау үшін құтқарушылар жалғыз тұратын қарт адамдарға есікті бар ысырмалармен жаппай, кілтпен жабуға және кілттің бір данасын сенетін көршілеріне беріп қоюға кеңес береді.
Кім білсін, бәлкім құтқарушылар келіп есікті ашуға кетірген минуттар медицина қызметкерлеріне осы адамдардың өмірін сақтап қалуға жетпей қалуы әбден мүмкін.
С. Төлегенов
Павлодар облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағының бөлімше басшысы