Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялау Еліміздің көшбасшысының тұлғасымен тығыз байланысты. Жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде қазақстандықтар көпшілік дауыспен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлағанына ширек ғасыр дерлік уақыт өтті. Халық өз таңдауын жасады, ал өмір оның дұрыстығын дәлелдеді. Қазіргі заман саясаткерлерден әлемдік тарихи оқиғаларға жарқын да маңызды үлес қосқан, тарихи қайраткер атағын алғандардың жоқтың қасы. Президенттің ядролық қарудан өз еркімен бас тартуының өзі – тарихтағы бұрын-сонды болмаған құбылыс. Алайда бұл қадам халықаралық жағдайды байсалды өзгертті де, жас тәуелсіз мемлекеттің бейбітшілік және келісім жолымен батыл жүретінін көрсетті.
Елбасы авторы болып табылатын бастамаларды айтып шығу – әлемдік деңгейдің ауқымдылығымен таңдандырып, жер тұрғындарының болашақ ұрпағына шексіз қамқорлықтың үлгісі болып табылады. Бұл - Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру, Еуразиялық мемлекттер одағын және Еуропалық экономикалық кеңістікті құру идеясы, әлемдік және дәстүрлі діндер көсбасшылар сьезін және әлемдік экоглогия мәселелері реестрін құру, Еуразиялық контитенттегі бейбітшілікті және қауіпсіздікті нығайтуға шынымен әсер ететін, басқа да бастамаларды алға тарту болып табылады.
Осы идеялар бірден болмаса да, біртіндеп өмір көрінісінде жүзеге асып, саясатта, экономикада, әлеуметтік өмірде, тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар жақын – алыс тұрған шетелдерде де өз жемісін беретіні қуантады. Бүгінде әлемдік аренада, ешкімге Қазақстан Республикасы қайда тұратының түсіндірудің қажеті жоқ. Осымен әр қазақстандық мақтан етеді!
Тұңғыш Президенттің күні – қазақстандық және әлемдік тарихтың үздік беттерін еске алу және мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің ролі мен маңыздылығын бағалауға болатын таңғажайып күн. Президент болашақ ұрпақтың идеялар генераторы болып, заманауи, саяси әлемдік кеңістікте жаңа өмір тынысын сыйлайды.
Подполковник Ерік Сарыбаев
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары