SCK 1 Орталық коммуникациялар қызметінде өрт қауіпсіздігі қағидаларына газ баллонды жабдықпен жарақталған автомобильдердің жабық типтегі тұрақтарға кіруіне тыйым салу бөлігінде енгізілген өзгерістер туралы брифинг өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер қатысты.
ТЖ комитеті автомобиль көлігінде, соның ішінде газбен жұмыс істейтін көлікте өртке байланысты төтенше жағдайлардың пайда болуына талдау жүргізді.
Мәселен, жыл сайын еліміз бойынша 2 мыңнан астам автокөлік құралдары жанады, бұл жалпы өрттердің 20% құрайды.
 SCK1801 Соңғы төрт жылда (2016-2019 жылдар) газ жабдықтары бар көлікте 374 өрт шықты, онда 5 адам, оның ішінде 2 бала көз жұмды, 34 адам (3 бала) жарақат алды.
Мысалы, 2016 жылы өрт саны - 74, 2017 – 80, 2018 – 114, 2019 – 106 құрады.
2016 жылғы тамыз айында Ақтөбе облысының Самара-Шымкент тас жолында газ-ауа қоспасының шығуы салдарынан қозғалтқыш бөлігінде «Тайота Хайландер» автомобилінің толық жануы орын алды. Өрт салдарынан 2016 жылғыы 1 бала көз жұмды, 4 адам жарақат алды.
2016 жылғы қараша айында Қарағанды қаласындағы автожууда газ ауа қоспасы буының тұтануы салдарынан жарылыс орын алды. Екі адам көз жұмды.
Бұл ретте, өрттің 84%-ы (316) газдың шығуына байланысты болды, 7 өртте кейін жарылыс орын алған.
 SCK1833 Оның негізгі себебі баллондарды барынша толтыру үшін артық қысым клапанын бөлшектеу болып табылады, бұл температураның жоғарылауы кезінде газдың кеңеюіне, жарылысқа және кейінгі өртке әкеледі. Толтырудың ең жоғары деңгейі баллондар сыйымдылығының 85% - нан аспауы тиіс екенін атап өткен жөн.
Мысалы, өткен жылғы 25 тамызда Маңғыстау облысында газ жабдығы бар көлікте (1994 жылы шыққан Ауди маркалы) жануды сөндіру кезінде жарылыс орын алды. Салдарынан өрт сөндіруші-құтқарушы 1,2 дәрежелі күйік алды.
Сонымен қатар, тұрғын үйлердің, сауда-ойын-сауық орталықтарының паркингтерінде газдың шығып кету иісін анықтау бойынша азаматтардың көптеген шағымдары келіп түсуде, оларға орындарды тексеру мақсатында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері барады.
Мысалы, елордадағы ірі сауда орталықтарының бірінде (Silk Way балы) өткен жылдың ішінде автокөліктерден паркингтерде газдың ағып кетуі бойынша 14 оқиға тіркелді, бұл елеулі зардаптарға әкелуі мүмкін. Бақытымызға орай, бәрі сәтті аяқталды.
Жоғарыда аталғандарға байланысты, сондай-ақ 2000 жылдан бері қолданыстағы жапсарлас және кіріктіріле салынған жабық тұрақтарда (МСН) газбен жұмыс істейтін автомобильдерді қоюға тыйым салу жөніндегі мемлекетаралық және Ұлттық құрылыс нормаларын ескере отырып 2.02-05-2000* «Автомобиль тұрақтары» және ҚР ҚН 3.03-05-2014 осы объектілерде көрсетілген нормаларды сақтау үшін өрт қауіпсіздігі ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілді. Енгізілген түзетулер әзірлеу сатысында аккредиттелген ұйымдармен («KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы, «Қазақстандық отын қауымдастығы 1», «Қазавтожол» және басқалар), «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен (11 ОМО, 17 әкімдік) келісілді. Бұл жоба 2019 жылдың сәуірінен бастап келісу рәсімінен өтті және 2019 жылдың 29 желтоқсанында күшіне енді.
Сонымен қатар автокөлікті газ отынына жаппай көшіруді ескеру қажет.
Қазіргі таңда Әкімшілік полиция комитетінің деректері бойынша, республика бойынша 340 мыңнан астам газ баллонды жабдығы бар машина тіркелген (елдегі автокөліктің жалпы саны 4 миллионнан астам).
Жабық тұрақтарды тексеру Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тәртіпте жүргізіледі.
Құқық бұзушыларға қатысты талаптар бұзылған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодестің 410-бабы бойынша (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау) 5-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Сонымен қатар, көлік жанған жағдайда одан кейін паркингте газ жарылысынан адамның денсаулығына зиян келтіруге немесе ірі залал келтіруге әкеп соққан болса 3 мың АЕК дейін айыппұл түрінде немесе бас бостандығынан айыру ("өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" ҚК-нің 292-бабы) қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Қазіргі уақытта Әкімшілік полиция комитеті жол қозғалысы ережелеріне газ-баллон жабдығы бар автокөлікте анықтау белгісінің міндетті болуы бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуде. Бүгінгі күні жоба мемлекеттік органдарда келісілуде.
Сондай-ақ біз Қауіпсіздік белгілері, сигналдық түстер және белгілеулер бойынша (ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.026-2002) ұлттық стандартқа тиісті паркингтерге орналастырылатын тыйым салатын белгіге қойылатын талаптарды орнату бөлігінде өзгерістер енгіземіз.
Жоба аккредиттелген ұйымдар мен стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен келісілуде.
 
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің
баспасөз қызметі