25 Hindustan 1 2019 жылғы 8 қарашада Нью-Дели қаласында (Үндістан Республикасы) Үндістан Республикасының Ішкі істер министрі Амит Шах мырзаның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселесімен айналысатын ведомстволары басшыларының оныншы кеңесі өтті.
25 Hindustan 2 Кеңеске Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстанның төтенше ведомстволарының басшылары мен өкілдері, Пәкістан мен Тәжікстан дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, сонымен қатар ШЫҰ хатшылығының өкілдері қатысты.
Қазақстан тарапынан Ішкі істер Министрінің орынбасары Ю.В.Ильин мен ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.С. Григорян өкілдік етті.
Кеңес барысында делегация басшылары тоғызыншы кеңес өткізілген сәттен ШЫҰ мүше мемлекеттерде орын алған ең ірі (ауқымды) төтенше жағдайлар туралы баяндамамен сөз сөйледі, сонымен қатар ШЫҰ шеңберінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ары қарайғы ынтымақтастық перспективалары туралы пікір алмасты.
Кездесуге қатысушылар ерте хабарлауды қоса алғанда, ТЖ туралы жедел ақпарат алмасу үшін тура байланыстар орнату мақсатында ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлуге; дүлей зілзалалаларды басқарудың түрлі аспектілері бойынша мүдделі тараптарға оқыту және алмасу бағдарламаларын алға бастыруға; жер сілкінісі салдарын жою және су тасқынымен күрес бойынша бірлескен жаттығуларды өткізуге жәрдемдесуге; «болашақ тәуекелдердің алдын алу» мақсатында ШЫҰ мүше мемлекеттерінде дүлей зілзалаға тұрақты инфрақұрылымды дамыту мақсатында ынтымақтастықты орнатуға келісті
Кеңес қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылып, ШЫҰ мүше мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімді жүзеге асыру бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жоспар бекітілді.
 
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі