15 Ilin vstre4a 1 2019 жылғы 10 қазанда Бішкек қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті XII отырысы өткізілді, отырысқа Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильин және ІІМ ТЖК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А. Григорян қатысты.
15 Ilin vstre4a 2 Отырыс барысында төтенше жауап қайтару саласындағы өзекті мәселелер кешені бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды, сонымен қатар 2020 жылға арналған ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы министрліктері мен ведомстволарының өзара іс-қимылын үйлестіру жоспары бекітілді.
ТЖҮК мүшелері:
15 Ilin vstre4a 3 Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетіне және Ресей ТЖМ Орал мемлекеттік өртке қарсы қызмет институтына ҰҚШҰ – ға мүше мемлекеттердің базалық оқу орындарының мәртебесін беру туралы.
Ресей ТЖМ Ногинск құтқару Орталығы полигонына ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердің базалық полигонының мәртебесін беру туралы шешім бір ауыздан қабылдады
Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы шеңберіндегі интеграциялық процестерді дамытудың негізгі бағыттардың бірі төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы қызмет болып табылады, бұл Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің маусым (2006 жылғы) сессиясында қабылданған Декларациясымен расталған. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерінің төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы өзара іс - әрекеті ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің 2007 жылғы 6 қазандағы шешіміне сәйкес құрылған ҰҚШҰ ТЖҮК шеңберінде жүзеге асырылады.
 
ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі