16 Karaganda Vystavka 1 Теміртау қаласында ТЖ қызметінің құрылған күні қарсаңында Қарағанды облысының ТЖ Департаменті «Металлург» стадионында қала тұрғындары үшін құтқару техникасының көрмесі мен құтқарушылар жұмыстарының көрстелімін ұйымдастырды.
Қала тұрғындарын түрлі локациялар күтіп тұрды. Бұл-авариялық-құтқару, өрт сөндіру техникасы мен құтқару жабдықтарының көрмесі, стадион алаңында құтқарушылардың көрсетілімі.
16 Karaganda Vystavka 2 Көрермендер зардап шеккенді 10 метрлік биіктіктен көлбеу өткел арқылы альпинистік құрал-жабдықтарды пайдалана отырып құтқаруды қаөре алды. Зардап шеккен адам қауіпсіз эвакуацияланды және медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне берілді.
Оқу орындарының бірінде өрт сөндірушілер заманауи өрт сөндіру құралдарының көмегімен өртті сөндіруді көрсетті.
Кинологиялық есеппен лақап аты «Ника» іздеу итімен қираған ғимарат үйінділерінің астында қалған адамды іздеу жұмыстарын жүргізді. Зардап шегушіні анықтағаннан кейін құтқарушылар зардап шеккенді үйінді астынан босатып, оны медициналық көмек пунктіне жеткізді.
Құтқарушылар күрделі жағдайларда жоғары шеберлікті көрсетті.
Көрсетілімнің шарықтау шегі жол кедергілері бар жерде қозғалу бойынша ТРЭКОЛ жол талғамайтын, сазда жүре алатын мүмкіндіктерін көрсету сәті болды, одан кейін ересектер мен балалар техниканы қарап, өрт сөндіру машинасының кабинасында отыруға мүмкіндік алды.
Көрмеге өрт сөндіру және авариялық – құтқару автокөліктері, құтқару катерлері, реанимобильдер, сондай-ақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жабдықтары, суда құтқару құралдары, әр түрлі құтқару құралдары және т.б. сияқты құтқару техникасының жаңа үлгілері ұсынылды.
Көрмеде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, Апаттар медицинасы орталығының, сондай-ақ ҚР Ұлттық Гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 52859 әскери бөлімінің авариялық-құтқару техникасы ұсынылды.
Әскери бөлімнің күшімен дала асханасының жұмысы ұйымдастырылды, онда барлық көрерменге ыстық шай мен мерекелік тағамдар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, көрме барысында мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің мамандығы туралы, сондай-ақ болашақта осы игілікті кәсіптің өкілдері болу үшін не істеу керектігі айтылды.
 
Айдана Жүніс
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі