17 Aqmola Rybaki 1 Күзде дәстүрлі түрде Ақмола облысының өзендері мен су айдындарында балықшылар қаптап кетеді. Өкінішке орай, көптеген адамдар белгіленген қауіпсіздік ережелеріне қарамастан, балық аулауға ұмтылып, өз өмірлеріне қауіп төндіреді.
Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қопа, Зеренді, Бурабай және Щучье көлдерінде профилактикалық рейдтер жүргізуде.
17 Aqmola Rybaki 2 Рейдтік іс-шараларға қатысу үшін әр түрлі қызметтердің мамандары, соның ішінде Ақмола облысының көліктік бақылау инспекторлары де қамтылады. Рейдтің негізгі мақсаты – күзгі кезеңде облыс су айдындарында халықтың қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтау және тіркелмеген жүзу құралдары мен шағын көлемді кемелерді анықтау.
17 Aqmola Rybaki 3 Рейд барысында әуесқой балықшылардың судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері анықталды, оларда жеке құтқару құралдары құтқару шеңберлері, күртешелері, кеудешелері болған жоқ.
«Балықшылармен жүзу құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді, су айдынына шығар алдында балықшылар қайықтың техникалық ахаулығын мұқият тексеріп, оның ағып жатқанына, ескектің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізуіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар балықшыларға міндетті түрде қайықта құтқару шеңбері, кеудеше және суды соруға арналған сыйымдылық құтылар болуы туралы талаптар түсіндіріліп, осы тақырып бойынша жадынамалар, буклеттер мен парақшалар таратылды. Облыстың су қоймалары бойынша алдын алу рейдтерін күзгі кезеңде балықшылардың қаза болуын болдырмау мақсатында жасақ құтқарушыларымен үнемі өткізіліп тұрады. Қорытындылай келе, балықшыларға өткен төрт жылда облыстың суайдындарында күзгі уақытта балық аулау кезінде жеке құтқару құралдары болмағаннан бес балықшы суға батып кеткенін еске салды» деп, – Көкшетау қаласының құтқару бөлімшесінің басшысы Талғат Аитпаев бөлісті.
 
Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ»
Жедел-құтқару жасағы