22 SKO Subbotnik 1 Өткен демалыс күндері СҚО ТЖ Департаменті мен оның ведомстволық бағынысты мекемелері – «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен еріктілері үшін «ыстық күндер» болды.
Дәстүрлі сапқа тұрғызумен нұсқамалардан кейін СҚО облыстық және аудандық орталықтарындағы Департамент бөлімшелерінің қызметкерлері жеке тұрғын үйлерді аралап шығуға кірісті. 22 SKO Subbotnik 1 Тұрғындармен әңгімелесу жүргізілді, онда өрт қауіпсіздігі ережелері қол жетімді түсіндірілді, бір қарағанда пешті қалау және пайдалану кезде бұзылған кемшіліктер көрсетілді, электр сымдарын монтаждау, күлді кәдеге жарату, балалардың отпен ойнауын болдырмау. Әрбір үй иесі осындай маңызды қауіпсіздік ережелері баяндалған түрлі-түсті жадынамалар алды.
Өткізілген «қауіпсіздік күндерінің» ерекшеліктерінің бірі Петропавл қаласының мәслихат депутаттарының қатысуы болды. Рейдтің басқа қатысушыларымен бірге олар сайлау округтерінің аумағында тұратын тұрғындармен әңгімелесті, өзекті мәселелер туралы сұрастырды, өз құзыреті шегінде оларды шешу жолдарын пысықтады. Сонымен қатар, халық қалаулылары тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы айтты, жақында болған өрттердің мысалдарын келтірді, пешті, газ және электр құралдарын пайдалану кезінде абай болуды ұсынды.
22 SKO Subbotnik 2 Депутаттар Данияр Уәлиев, Олег Завьялов және Тимур Тоқмұхамбетов алдын ала келісілген жоспарға сәйкес Заречный кенттерінің ондаған отбасылары мен облыс орталығының Рабочий кентіне барып, сөзбен емес, іс-жүзінде барша адамдардың қажеттіліктерін...олардың қауіпсіздігін ескере отырып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын жүзеге асырды. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарына – көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға ерекше көңіл бөлінді.
Осыған ұқсас жұмыстармен облыс орталығының «Семейный» дүкенінің сауда желісіне келушілер де қамтылды. Олармен СҚО ТЖД қызметкерлері қысқа нұсқаулықтар өткізіп, жадынамалар табыс етті, мінез-құлық қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес берді.
Осы 2 демалыс күні өткізілген іс-шараларға облыстың 1 мыңнан астам ауласының қатынасуымен, 200-ден аса адам қатысты. Халықты профилактикалық жұмыспен қамту 2 мыңнан астам адамды құрады, 1266 жадынама таратылды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
 
Нұрым Омаров
СҚО ТЖД
Петропавл қаласы ТЖ
басқарма бастығының орынбасары
полковник