23 Atyrau poliC 1 Атырау облысының ТЖД ЗҚҚАжАҚСБ басқармасы мен кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері «Атырау – адалдық алаңы» жобасы аясында Атырау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентінің Атырау облысы бойынша Департаментімен ұйымдастырылған «Жол мәдениеттілігі» атты акциясына қатысты. Рейдтік іс-шара жергілікті полиция қызметінің инспекторларымен, жедел жәрдем қызметкерлерімен және «Қазақстан-Атырау» облыстық телеарнасының өкілдерімен бірлесіп өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – автокөлік жүргізушілердің жол ережелерін бұлжытпай орындап, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құрып, оған қарсы мәдениетті қалыптастырып, саналы көзқарасты қалыптастыру. Автокөлік жүргізушілері өздерінің абайсыздығынан және кейде жол ережелерін сақтамағандықтарынан біреуге уақытылы көмек көрсетілмейтіндігін ұмытпауы керек.
23 Atyrau poliC 2 Рейдтік шара екі сағат шамасында созылды. Бұл күні Атырау қаласындағы барлық автокөлік жүргізушілері өте сыпайы болып, өрт сөндіру машинасы мен жедел жәрдемге жол берді. Шара тілшілермен фото және бейнекамераларға түсіріліп отырды. Қызметкерлер қозғалыстың барлық қатысушыларына - жедел қызметтердің қозғалысына кедергілер жасау, көмек күткен адамның өмірімен теңдес екенін жеткізуге тырысты. Қала тұрғындары мен автокөлік жүргізушілері бұл шараға түсіністікпен қарады.
Сондай-ақ, шара барысында ТЖД қызметкерлері автокөлік жүргізушілеріне автокөліктерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді, автокөліктерде өрт туындаған кездегі іс-шаралар туралы әңгімелеп, оларға тақырыптық жадынамаларын таратты. Сұхбат соңында ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына үміткерлер тарту мақсатында 2020-2021 оқу жылына арналған ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқу бөліміне оқуға қабылдауды және іріктеуді ұйымдастыру туралы жадынамалар таратылды.
 
А. Картимова
Атырау облысының ТЖД
Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау
басқармасының аға инженері
азаматтық қорғау майоры