20 Turk N 1 2019 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 18:05-те Түркістан қаласы, қонақ үйге қарасты цистернаны толтыру нәтижесінде «Зил» маркалы газ құйылған цистерна және жанында орналасқан цистерна жарылып, «ROYAL GRAND HOTEL» 3 қабатты қонақ үйі ғимаратына өрт өткен.
Өрт сөндіру барысында жарылыс салдарынан Өрт сөндіру қызметінің 5 қызметкері жарақаттанып, Түркістан қаласындағы орталық ауруханаға жатқызылды.
20 Turk N 2 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өрт сөндіру барысында жарақат алған өрт сөндірушілердің жағдайын білу мақсатында, Түркістан қаласындағы орталық ауруханаға арнайы барды.
Ішкі істер министрі және Денсаулық сақтау министрі оларға қолдау білдіріп, ерлігі үшін алғыстарын айтты.
 
Түркістан облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы