2019 жылы Ақтөбе облысының аумағында 615 өрт тіркелді (2018 жылы - 506), материалдық шығын 22 млн. 589 мың 450 теңгені құрады (2018 жылы – 51 млн. 691 мың 100 теңге). Бұрынғысынша өрттердің ең көп саны азаматтық қорғау органдарының бақылауындағы емес объектілерде орын алады, олардың негізгілері 326 тұрғын үй секторы болып табылады (2018 жылы-287), бұл жалпы санның 53% құрайды.
Өрттердің басым бөлігі тұрғындардың отпен абайсыз болу себебінен – 326 оқиға немесе облыс бойынша жалпы санның 48%, сондай-ақ электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу салдарынан 193 оқиға орын алды (жалпы өрт санының 31,3%).
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрғын секторда болған өрттен азаматтардың мүлкіне айтарлықтай залал келтірілуде. Өрттен келтірілген залалды өтеудің ең оңтайлы әдісі батыс елдерінде кеңінен пайдаланылатын тұрғын үйді сақтандыру болып табылады.
Мысалы, Еуропада жылжымайтын мүлікті сақтандыру 7 елде міндетті болып табылады: Дания, Голландия, Франция, Бельгия, Швейцария, Норвегия және Испания. Бұл мемлекеттерде заңның талаптарына азаматтардың 80-90% - ы бағынады. Соңғы жылдары ТМД елдерінде (Әзірбайжан Республикасынан басқа) мүлікті міндетті сақтандыру тәжірибесі жоғары деңгейде талқыланғанына қарамастан, нақты шешімдер қабылданбады.
Сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелерін реттеу «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126 Заңына (бұдан әрі – Заң) негізделеді. Заңның 6-бабына сәйкес сақтандырудың салалары, сыныптары мен түрлері белгіленген. Міндетті сақтандыру түрлері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 21 наурыздағы «Міндетті сақтандыру түрлерінің оңтайлы тізбесін бекіту туралы» өкіміне сәйкес бекітілді.
Тұрғын үйді сақтандырудың артықшылықтары:
- сақтандыру жағдайы басталған кезде зиянды өтеудің кепілдік берілген төлемі;
- төлемнің қысқа мерзімі, соның нәтижесінде тұрғын үй иесінде ұзақ уақыт бойы тұрғын үй-жайсыз қалу қаупі болмайды.
Жоғарыда көрсетілген барлық дәлелдерді ескере отырып, Ақтөбе облысының ТЖД, барлық жеке және заңды тұлғаларға өзінің жылжымайтын мүлкін өрттен және басқа да төтенше жағдайлардан сақтандыруды жүзеге асыруды ұсынады.
 
Ақтөбе облысының ТЖД
ЗҚҚАжАҚСББ