26 1 Оқиға таудың басында шамамен 3000 метрде болған. Ресей Федерациясының альпинистер тобы Белуха тауына шыққан. Қар көшкінінің өздігінен жүру салдарынан топтағы 63 жастағы Тюменьнің тұрғынын қар ағыны іліп кеткен. Әйел адам тірі қалды, алайда түрлі жарақат алды. Қолы сынып қалғандықтан топ қозғалысын тоқтатты. МИ-8 әуе кемесімен «ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел құтқару жасағының құтқарушылары құрамында 7 адам мен Апаттар медицинасы орталығының 2 дәрігері көмекке ұшты.
26 2 «Тұманнан бірдеңе көру қиын болды, алайда әуе барлау кезінде қарда адамдарды байқап қалдық. Тікұшақ экипажы оқиға орнына жақын жерге қону туралы шешім қабылдады. Тікұшақ бортынан шығып құтқарушылар зардап шеккен әйелге барып, көмек көрсетті» - дейді «ӨСжАҚЖҚ» ММ ЖҚЖ басшысы Игорь Лапенлавский.
Тікұшақ бортында Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шегушіні қарап шығып, қолын таңып берді. Ресей азаматын тасымалдау 2900 метр биіктікте жүзеге асырылды. Қар көшкінінен топтағы басқа адамдар зардап шеккен жоқ. Туристер өздерінің лагерлеріне оралды. Зардап шегушіні Өскемендегі ауруханаға жатқызды.
ШҚО ТЖД