30 Бұл жолы өрт сөндірушілер, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ отденеия командирі Ернар Искаков пен 6-ӨСБ аға өрт сөндірушісі Бекзат Искаковқа астаналық «Времена года» ЖК (Зима-3) тұрғындары шексіз алғыстарын білдірді.
Бүгін тұрғындар өрт сөндірушілердің ерең еңбектерін бағалап, Инстаграмм әлеуметтік желісі арқылы пост жазу түрінде алғыстарын жариялады.
12 тамызда түнгі уақытта астаналық «Времена года» ТК-де электр қалқанының жануы орын алды. Пәтерлердің бірінде ересек адамдар мен балалар болған. Өрт кезінде құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында өрт сөндірушілер газқағар кигізу арқылы 4-6 жастағы балаларды өрттен құтқарып, 9-қабаттан саты арқылы түсіп, жедел жәрдем қызметкерлерінің қолына тапсырып, ішке қайта кірген. Құтқарылған отбасы өрт сөндірушерге адамдардың өмірлерін құтқарғаны және көрсеткен қайсарлықтары үшін алғыс айтуда.
Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілерге айтылған тұрғындардың жылы лебіздеріне өз алғыстарын айтады. Себебі адамдардың өмірін құтқаратын адамдар үшін тұрғындардан «рақмет, алғыс алудан» асқан бақыт жоқ.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі