Тамыздың 13-нен 14-на қараған түні өрт сөндіру қызметінің «101» нөміріне Петровпавловская көшесіндегі үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.
Шақыру орнына мамандандырылған жасақтың бөлімшелері, 6 және 7 өрт сөндіру бөлімі шықты. Өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде үйдің шатыры мен жанындағы шаруашылық құрылысы алаулап өртеніп жатты. Куәгерлердің айтуынша үйдің ішінде үй иесі қалған. Құтқарушылар газтүтіннен қорғау қызметінің буынын құрып, терезе арқылы өртеніп жатқан үйге кірді және шамамен 55 жастағы ер адамды тауып алды. Сыртқа алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне табыстады. Дәрігерлер қанша тырысқанымен ер адам мерт болды.
Құтқарушылар келгенше көрші үйде қонақта отырған Руслан Ербалин өртті көрсе салысымен өз басын қатерге тіге отырып қатты түтінденген үйге кіріп үш адамды алып шыққан: 1976 жылғы еркек пен 2 әйел.
Руслан Ербалин Семей қаласынан, сорғы қондырғысының машинисі болып жұмыс істейді.
Осы кезде өртпен күресушілер оттың көрші үйлерге таралуына жол бермеді. Өрт 100 шаршы метрде жойылды. Себебі бойынша отпен абайсыз болу болжамы пысықталуда.
Көршілердің айтуынша өртенген үйде үнемі спирттік ішімдік ішілген екен.
Өскемен қаласының ТЖБ