30 СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың атына Бескөл ауылының тұрғыны Темірлан Қабиден алғыс хат келіп түсті, онда ол Бескөл ауылының №13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне, сондай-ақ Қызылжар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне жеке аулада болған өртті жою кезінде көрсеткен кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғыс білдірді. Хатта өрт сөндіру есептерінің жеделдігі, дайындық деңгейі ерекше атап өтілді,бұл ТЖ-дан келетін шығынды азайтуға мүмкіндік берді.
«...Құрметті Рамиль Фаткулович! Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар бөліміне, Бескөл а.13-ӨСБ өрт сөндіру қызметіне жедел келгені және оны жою үшін алғыс білдіргім келеді. Қарауыл бастығы Марат Бақтыбаевтың, өрт сөндіруші Мақсат Нұркеев, жүргізушілер Мұрат Комбаров, Қанат Нұрқановтың, ТЖ бөлімінің маманы Данияр Калеловтың және стажер Бахтияр Жәкішевтің кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақытта толықтай жойылды. Нәтижесінде ірі зардаптарды болдырмау мүмкін болды! Сіздің қызметкерлеріңізге үлкен рахмет!",- осындай сөздермен ауыл тұрғынының алғыс хаты аяқталады.
30.07.2019 ж. 14 сағат 47 минутта болған өрт моншада жеке аулада болған өрт №13 өрт сөндіру бөлімін дабыл бойынша көтерді. Санаулы минуттардан кейін өрт сөндіру бөлімшелері моншаны, шаруашылық құрылысты, гараждарды жоюға және тұрғын үйге көшуге қауіп төндірген отпен күреске кірді. Өрт салдарынан алаңы 15 шаршы метр моншаның шатыры жанып кетті. Өрттің жалпы көлемі 20 шаршы метрді құрады.
СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт туралы уақытылы хабарлау және өрт сөндірушілердің, сондай-ақ Қызылжар ауданының ТЖБ қызметкерлерінің жедел жұмысы ТЖ салдарын азайтуға, оттың одан әрі таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді. Тұрғын үй, гараж және шаруашылық құрылысты оттан аман алып қалды.
Өрт сөндірушілер жұмысының жоғары бағасы Департаменттің жеке құрамын жұмыстағы жаңа жетістіктерге, Қазақстан Республикасының халқын табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғау бойынша кәсіби борышын орындауға шабыттандырады!
СҚО ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы