22 1 Атырау облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің жедел құтқару жасағы Жайық өзені бойын күн сайын қадағалайды. Құтқарушылар тыйым салынған жерлерде шомылатын адамдардың саны екі есе артатын демалыс және мереке күндерінде ерекше бақылайды.
2019 жылдың 13 тамызында жасақтың бас құтқарушылары Қанатбаев Қайрат пен Арман Сарсенбаев кезекті рейд барысында Атырау қаласының «жабайы жағажайларын» тексеріп шықты.
22 2 Олар қауіпсіздік ережелерін бұзушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Атырау облысында 2019 жылдың басынан бері 12 адам суға кетті, оның 5-і балалар екенін ескертті.
Құтқарушылар үнемі қайталауда: «Судағы ең бірінші ереже: БАЛАЛАРДЫ ҮЛКЕНДЕРДІҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗДАР! Мейлі топ болып барсаңыздар да, мейлі балалар толып жүрсе де, егер өзіңізге сенімді болмасаңыз балаларды ертпегеніңіз абзал. Себебі бала суда ойнап жүріп құлап кетсе болғаны, оны ағыс алып кетеді, Сіз дым істей алмай қаласыз!». Алайда құтқарушылардың осы өтініштерін «тыңдайтын» құлақ болса ғо шіркін...
22 3 Балаларды қараусыз қалдырмаңдар, рұқсат етілмеген жерлерге түспеңдер, спирттік ішімдіктерді қолданбаңдар деп үгіттеу үшін қолдан келген шаралардың бәрін қолдануда.
Қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүрген тұрғындарды анықтау, оларға суға шомылу маусымы кезеңінде жүріс-тұрыс қағидаларын үйрету мақсатында, «Жайық өзені» бойында, қаладағы жабайы жағажайларда, пирстарда, қауіпті аймақтарда, атап айтқанда сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін:
1) Балықшы көпірінен Жилгородок көпіріне дейін
2) Жилгородок көпірінен Орталық көпірге дейін
3) Орталық көпірден Алиев көпіріне дейін
4) Алиев көпірінен айналмалы көпірге дейін (объездной мост) күн сайын 2 құтқарушыдан моторлы қайық арқылы патрульдеу жұмыстарын жүргізіп, белгіленген төңіреңікте постта тұрады.
22 4 Шомылу маусымы басталғаннан бастап құтқарушылар 10-ға жуық төтенше жағдайдың алдын алды.
Құтқарушылар өздерінің нақты аумақтарын бақылап, оқиғаларға тез әрекет етеді: олар пирстардан секіруге тырысатын жасөспірімдерді қуып шығады, қауіпті аумақтарда шомылатын тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдары қайғылы оқиғаға себеп болатынын ескертеді.
Жедел құтқару жасағы ұжымының ауызбіршілігі мықты, барлық құтқарушылар өз қызметтерін үлкен жауапкершілікпен атқарады.
Атырау облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің
жедел құтқару жасағы