23 1 Ағымдағы жылдың 13 тамыз күні Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Атырау облысы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлер қоғамының пікірлерін ескере отырып өрт қауіпсіздігі талаптарын оңтайландыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.
23 2 Кездесуді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Блялов Рашид Бекетұлы алғы сөзімен ашып, қатысушы қонақтарға алғыс білдірді және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің қызметі туралы қысқаша баяндады.
Келесі сөз кезегінде Департаменттің ЗҚҚАжАҚСБ басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Бержанов Жасболат Оспанұлы өрт қауіпсіздігі саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген тексерістер туралы мәліметтерге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы барлық өзгерістерге тоқталып, өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары туралы және өрт қауіпсіздігі бағыттындағы тексерістердің қалай жүргізілетіндігі туралы айтып кетті.Сонымен қатар, шұғыл қызметті дұрыс шақыру, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану ережелері және эвакуациялау жолдарының сәйкестігі сияқты мәселелерді де назардан тыс қалдырмады.
Кәсіпкерлер Департамент өкілдерімен белсенді сөз алмасып, өздерінің мәселелерімен бөлісті. Отырыс барысында өзекті сұрақтар қызу талқыланды. Бизнес өкілдері көптеген толғағы жеткен мәселелерін айтуға мүмкіншілік алды.
Отырыс соңында өрт қауіпсіздігі тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды, сонымен қатар дөңгелек үстел қатысушылары аталмыш кездесулерді тұрақты түрде өткізуге тілек білдірді.
Атырау облысы ТЖД
Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау
басқармасы