24 2019 жылғы 13 тамызда сағат 17.00-де Меңдіқара ауданы Боровское а. Сельхозтехника көш. «Қостанай-Жолдары» ЖШС тиесілі 8 ш.м. алаңдағы жылжымалы (қаңылтырмен қапталған) ағаш тіркемесі ішінде өрт шықты. Өрт салдарынан ЖШС қызметкері 1976 ж.т. азамат қайтыс болды. Өрттің болжамды себебі - темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану. Қаза болу фактісі бойынша СМС тағайындалды. Өрт Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 9-ӨСБ күшімен және құралдарымен сөндірілді.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады.
2019 жылғы 13 тамызда сағат 15.00 шамасында «Семиозер орман шаруашылығы мекемесі» КММ аумағында орман өрті болды. Калинин орман шаруашылығында 1,1 га алқапта шөп және 0,0001 га жеке қарағай өртенді. Новонежин орманшылығында 0,0001 га алқапта жеке қарағай өртенді. Өрт орман мекемесінің күшімен 6 бірлік техника және 21 қызметкермен ауыздықталып, жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт себебі - найзағай разряды.
Қостанай облысы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникация тобы