29 1 Қарағанды облысында 2019 жылдың 12 тамызында 570 км Алматы-Екатиринбург трассасында ЖҚО орын алды. Жеңіл көліктің жүргізушісі көлік тізгінің ұстай алмай содан жеңіл көлікті аударып алды.
"Сары-Шаған" ТМҚП диспетчеріне 12.08.2019 ж.сағат 22: 35 минутта куәгерден шақырту келіп түсті. 37 минуттан кейін оқиға орнына дәрігерлер бригадасы және құтқарушылар келіп жетті.
29 2 ЖҚО салдарынан 3 адам зардап шегіп және оларға шұғыл дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді. Зардап шеккен адамның 3-і Приозерска қаласының АОА-на жатқызылды. Қазіргі таңда аудандыдық аурухананың дәрігерлері зардап шеккендердің бірінің өмірі үшін күресуде.
13 тамыз күні 84 км Алматы-Шымкент трассасында кезекті ЖҚО орын алды.
Жол көлік оқиғасы туралы ақпарат камаз а/м-мен жеңіл автокөліктің алдыңғы соқтығысуы туралы ақпарат кезекші "103" диспетчерінен сағат 08.12 "Тарғап" күре жолдық медициналық-құтқару пунктінің диспетчеріне түсті.
ЖҚО орнына дәрігерлер бригадасы және ТМҚП құтқарушылары 29 минуттан кейін келіп жетті.
Жедел жәрдем бригадасы ЖҚО орнынына келмей тұрып 3 зардап шеккен адам эвакуацияланды, 3 –нен 2-і балалар болды. Жеңіл автокөлік шанағы соққыдан қатты деформацияланғандықтан ЖҚО орнында АҚЖ жүргізу үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Арнайы құрал-саймандар көмегімен трассалық пунктің құтқарушылары жеңіл көлік ішінен 5 мерт болған адамның мәйітің алып шықты. Оның ішінде 5-нен 3-і балалар болды.
Көліктердің соқтығысуы салдарынан 3 зардап шеккен адам ауыр жарақат алды, 5 жолаушы сол орнында мерт болды.
ЖҚО бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР ІІМ ТЖ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ