18 QyzyL Orda U4enie 1 Ағымдағы жылдың 9 қарашасында шұғыл әрекет ететін қызметтердің ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою іс-қимылын тексеру мақсатында «МИ-8» тікұшағымен тәжірибелік жаттығу өткізілді.
Жаттығудың мақсаты: жеке құрамның тікұшақты қолдана отырып, ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою іс-қимылын пысықтау болды.
Жаттығу кезінде жер бетіне құтқарушыларды тікұшақтан түсіру; құтқарушы-кинологтарды іздестіру иттерімен іздестіру орнына тікұшақ арқылы түсіру; тікұшақ арқылы көтеру құрылғысы көмегімен адамдарды су бетінен көтеру жұмыстары пысықталды.
Жаттығуға 53 адам мен 8 бірлік техника 1 тікұшақ қатыстырылды. Жаттығу 10 сағат 00 минутта басталды. Шартты құтқару жұмыстары мақсатында Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің штабы ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында штаб шұғыл әрекет ету қызметтерімен байланыс ұйымдастырып, тапсырмалар берді және алынған ақпараттардың орындалуы жөнінде өңдеу жұмыстарын жүргізді. Одан соң шұғыл әрекет ететін құрылымдар төтенше жағдайдың зардаптарын жою, зардап шегушілерді құтқару, эвакуациялау, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
Жаттығу соңында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімі бастығы азаматтық қорғау майоры Ә. Марданов қатыстырылған авариялық-құтқару қызметтерінің іс-әрекеттеріне «дайын» деген баға берді.
 
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы