30 1 Жыл сайын Қазақстанның барлық жерінен құтқарушылар жиналып, «Қазқұтқару» жарысында үздік атағына ие болу үшін сайысқа түседі. Ағымдағы жылы Алматы облысындағы Тамғалы Тас жерінде орналасқан «Жартасты қала - Астана» атты оқу-жаттығу полигонында «Қазқұтқару – 2018» құтқару жасақтарының 23 –ші республикалық жиын – семинары өтті.
10 күннің ішінде құтқарушылар тобы құтқаруға арналған жарыстың ауыр кезеңдері бойынша сайысқа түсті.
30 2 Апаттар медицинасы жасағының жиын-семинарға қатысуы Апаттар медицинасы орталағының медицина қызметкерлері мен психологтарының медицналық-психологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға даярлығын тексеру болып табылды.
30 3 АМО-ның құрылымдары үшін жиын-семинардың басты мақсаты – басқарушы органдарының қызметкерлеріне функциональді қызметтерін орындау бойынша тәжірибе беру, шұғыл түрде жиналуды қамтамасыз ете отырып қызметкерлердің даярлығын жоғарлату болды. Қызметкерлерге төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жою кезіндегі күштер мен құралдарды басқару бойынша және ТЖ Комитетінің авариялық-құтқару бөлімшелерінің жеке құрамын медициналық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жақсарту бойынша өзінің комплексті функционалдық міндеттерін орындау жүктелді.
АМО-ның қызметкерлерімен медициналық көмек алу үшін қаралған адамдарға және жиынның жарыс кезеңдерінде шартты түрде зардап шеккендерге медицналық көмек көрсетуді жүзеге асыру үшін пневмокаркастық құрылымнан тұрғызылған қажетті медициналық бөлімдерден тұратын далалық мобильді госпиталь құрастырылды.
Оқу-жаттығу орнында: сұрыптау алаңы, толық көлемдегі қабылдау-сұрыптау алаңы, операциялық – таңу, қамтамасыз ету бөлімшелерінің жұмыс істеуі мен демалуы үшін орындары бар госпитальді бөлімдер, сондай-ақ психологиялық көмек көрсету пункттері тұрғызылды.
Оқу-жаттығудың жарыс кезеңдерінде медицина қызметкерлері – зардап шеккендерді қабылдау мен эвакуациялауды, жарақат алғандарға шұғыл көмек көрсетуді жүзеге асырды. Күнделікті режимдегідей – авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетті.
Алматы қаласы бойынша филиалының психологі оқу-жаттығуға қатысушылардың психоэмоциональді жағдайын тұрақтандыруғауақытылы психологиялық қамтамасыз ету жасай отырып, психологиялық көмек пен психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға жауап берді. Сондай-ақ жұмыс барысында эмоциональді тұрғыдағы шаршап-шалдығудың алдын-ала отырып, жұмыс жасау қабілеттілігін қалпына келтіру үшін апараттық және психологиялық құралдар қолданылды.
Даярлықтың барлық кезеңдерінде және жиын-семинарды өткізу барысында психологпен «Альфария» аппаратын қолдана отырып 10 жеке психокоррекциондық сеанс, 1 лекциондық оқу-жаттығу, 5 психотүзету топтық оқу-жаттығуы, 6 жеке психоконсультация өткізілді. Шартты түрде зардап шекен 2 адамға психологиялық көмек көрсетті.
Авариялық – құтқару бөлімшелерінің 182 қызметкеріне. Өзбекістан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар Министрлігінің атынан шыққан халықаралық топтардың 6 қатысушысына медициналық көмек көрсетілді.
АМО-ның апаттар медицинасы жасағының медицина қызметкерлері мен психологтары апаттар медицинасы халыққа, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде оларға әрқашан көмекке келетіндігін және сәйкес жағдайларда қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсететіндігін білуі қажет авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметкерлеріне, өмірлерін құтқара отырып және денсаулықтарын сақтап қалып, көмек көрсетуге дайын екендігін көрсете білді.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ