31 1 Құтқарушы бөлімшелер үшін «Казспас» жиын-семинары жыл сайын өткізілетін дәстүрлі іс-шара болып кетті. Жыл сайын барлық республикадан және де көрші мемлекеттерден құтқарушылар өздерінің кәсіби қабілеттерін көрсету үшін және үздік атану үшін «сайысуға» жиналады.
31 2 Жиын – семинардың ерекше өту жағдайына байланысты, оның қатысушылары әр түрлі дәрежедегі негативті жағдайларға тап болуы мүмкін. Олардың себебі: дайындықтың жеткіліксіздігі, өз күшіне деген сенімсіздік, топтың жалпы нәтижесіне үлес қосуға жеке жауапкершілікті сезіну және т.б.
31 3 Жиын-семинарға қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайын қалыпқа келтіру үшін психилогтар жұмысқа тартылады, сондағы олардың басты міндеттері – жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтірудің физиологиялық және психологиялық құралдарын пайдалану арқылы эмоционалдық уайымды жоюға және психикалық процестерді оңтайландыруға бағытталған психилогиялық көмек көрсету және дер кезінде психологиялық қолдау жасау.
Ағымдағы жылы жиын-семинарда жұмыс жасау үшін Апаттар медицинасы орталығының Алматы қаласы бойынша филиалының психологі Ешимбетов А.Н. қатыстырылды. Жиын-семинардың барлық уақытында психолог келесідей жұмыстарды: 1 лекциялық сабақ, 5 психотүзетулік топтық сабақ,
6 жеке психоконсультация, «Альфария» аппаратын қолдану арқылы 10 жеке психотүзету сеанстарын жүргізді. Оқу-жаттығудың «Үйінді» атты кезеңін өткізу барысында психолог 2 шартты зардап шеккен адамға көмек көрсетті.
Қызметкерлердің негізгі міндеті адамдарды құтқару болғандықтан, олардың көбісі болып жатқан жағдайды эмоционалдық деңгейін жоғалтпай отырып бастан кешіруге үйренеді және соған бейімделеді. Дегенмен, төтенше жағдай кезінде де, сондай-ақ "тыныш уақытта" да психологиялық денсаулықты қадағалау үшін психолог- мамандардың жұмыс жүргізуі тиімді екендігін естен шығармау қажет.
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ
Шұғыл психологиялық көмек көрсету бөлімі