Принтерге шығару
Апаттар медицинасы бөлімі а.ж. 24-мамырында «Шұғыл психологиядық жәрдем көрсету» тақырыбына видеоконференция режимінде семинар-жиналыс өткізді.
Семинар-жиналыста ТЖК аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелерінің психологтарының ТЖ кезінде тұрғын халыққа шұғыл психологиялық жәрдем көрсету бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу және шұғыл психологиялық жәрдемнің әртүрлі бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастыру дағдыларын бекіту қарастырылды.
Ағымдағы жылғы наурыздағы су басу жағдайындағы жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің психологтары табиғи сипаттағы ТЖ зардап шеккен тұрғын халықпен жұмыс кезінде туындайтын кебір сәттермен бөлісті.
Сонымен қатар, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің психолотарының күделікті және ТЖ кезіндегі қызметінің ерекшеліктері мен спецификасы талқыланды.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда халыққа шұғыл психологиялық жәрдем көрсететін мамандар үшін бейнеконференция алаңы ерекше диалог құруға септігін тигізді.
 
Дария Акитова
ҚР ІІМ ТЖ комитеті
апаттар медицинасы бөлімінің бас маманы