26 Aqmola Posl 1 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Ақмола облысының аудандары мен қалаларында үгіт-насихат топтары жұмыс жасайды.
26 Aqmola Posl 2 Ақмола облысы ТЖД бастығы Алексей Советов Сандықтау ауданына Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс сапарымен барды. Кездесу Сандықтау аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында өтті. Іс-шараға азаматтық қорғау органдарының, Сандықтау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.
Облыстың бас құтқарушысы Жолдаудың әлеуметтік бағытын атап өтіп, Денсаулық сақтау, білім беру салаларына, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты өзгерістерді талқылауға жан-жақты тоқталды.
Сондай-ақ, спикер өз сөзінде Президент азаматтарды табиғи құбылыстар мен техногендік апаттардан қорғау мәселелеріне ерекше назар аударғанын, азаматтық қорғау саласында кәсіби кадрлар жұмыс істеуі керектігін, бұл өте маңызды мәселе екенін атап өтті. Адам өмірі өрт сөндірушілер мен құтқарушының кәсібилігіне байланысты.
Соңында Алексей Советов қызметкерлерді өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға шақырды.
 
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі