25 PVLDR Poslanie 1 Павлодар облысы «ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Бастықтың орынбасары В. Власов еліміздің стратегиялық маңызды құжатының негізгі ережелерін түсіндірді.
Владимир Михайлович әріптестеріне Жолдаудың бес негізгі бағытын жеткізді. Ол Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдар қолданатын шаралар туралы. Сондай-ақ спикер Жолдаудың өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде жүзеге асырылып жатқан тармақтарын атап өтті. 25 PVLDR Poslanie 2 Олардың бірі халықпен және азаматтық қоғам субъектілерімен кері байланыс орнату болып табылады. Азаматтардың шағымдары мен ұсыныстары сенім телефондары арқылы, сондай-ақ әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу арқылы қабылданады. Ескертулерді анықтаған кезде қызметтің баспасөз хатшысы сол жағдайға түсінік береді, жергілікті ТЖ кезінде штаб жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда кінәлі адамдарды жауапқа тарта отырып, қызметтік тергеу жүргізуге дейін өзге де шаралар қолданылады.
Төтенше жағдайлар қызметі мен өзге де төтенше жағдайлар органдарының қызметкерлері халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуде Қызыл Жарты Ай қоғамдық бірлестігінің Павлодар филиалымен тығыз байланыс жасайды. Бастықтың орынбасары әріптестерін өз міндеттерін жауапкершілікпен ғана емес, шығармашылықпен орындауға, тапсырмаларды орындау аясында ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жолын кесуге бағытталған шараларды жетілдіру бойынша да ұсыныстар енгізуге шақырды.
Өз кезегінде өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері басшылықтың өкілін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермейтіндеріне және адамдардың қаза болуы мен төтенше жағдайлар санын азайту үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтындарына сендірді.
 
Павлодар облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі