21 Aqtobe 1 Ақтөбе облысының ТЖД дағдарыс орталығында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауы жеке құрам арасында талқыланды. Департамент бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Сыздықов Жолдауда көрсетілген бағыттарды айшықтап айтып берді және белгіленген бағыттарды облыста іске асыру бойынша нақты іс-шаралар мен міндеттер айқындалатынын атап өтті.
21 Aqtobe 2 Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында олардың қатарына дайындалған жас кадрларды тарту қажеттігін атап өтті. 2020 жылдан бастап біз мемлекеттік қызметшілер санын біртіндеп қысқартуға кірісеміз, ал босатылған қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді материалдық ынталандыруға жұмсаймыз. 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту керек. Үкіметке ІІМ реформасына бөлінетін қаражат шеңберінде азаматтық қорғау қызметкерлерінің жалақысын арттыру және осы мақсаттарға шамамен 40 млрд.теңге бағыттау тапсырылды.
Сонымен қатар Департамент бастығы Жолдаудың бағыттары ішінде, сыбайлас жемқорлықпен күресуге тоқталды. Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту- әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз болып табылады. Барлық жеке құрам Мемлекет басшысының Жолдауымен танысып, мемлекет дамуының басым бағыттары мен мақсаттарымент танысты.
 
Ақтөбе облысының ТЖД
Ішкі және сыртқы коммникациялар тобы