27 Mang Posl 1 «Жыл сайынғы Жолдауда қойылатын тапсырмаларды іске асыру –бұл жалпы іс. Ел басы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстаннық тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына жолдауында басымдылық бағыттары, экономиканың дамуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Құжат елдің және өңірдің қоғамдық-саяси өмірінде аса маңызды орын алады...» - деді Маңғыстау облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев.
27 Mang Posl 2 Жолдауды түсіндіру бойынша Маңғыстау облысы ТЖД басшылық құрамынан құрылған ақпараттық –насихаттау тобы өзінің жүрмелі жұмысын аудандарда жұмыстарын жүргізді, аудандық бөлімшелердің жеке құрамдарымен жиналыс өткізілді.
Бірнеше күн барысында топ мүшелері облыс өңірлерінде болды, бұл Түпқараған, Бейнеу, Қаракия, Мұнайлы, Маңғыстау ауданы және Жаңаөзен қаласы.
27 Mang Posl 3 Маңғыстау облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Базарбаев бастаған құрамының ішіне Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Манарбек Муханбетов және азаматтық қорғау подполковник Мұрат Мұханов, сонымен қатар Департаменттің «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Мауленов кірді.
Ақпараттық –насихаттау тобының жұмысы шеңберінде төтенше жағдайлар бөлімдерінің және өрт бөлімшелерінің жеке құрамдарына Ел басының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы жеткізілді, сонымен қатар жеке құрамның қызметтік –әскери тәртіптілігі, жол ережесін сақтау және т.б. іс-шаралар жеткізілді.
Аудандық бөлімшелердің жеке құрамына Департамент басшыларымен Жолдаудың барлық тапсырмалары айтылды.
 
Маңғыстау облысы ТЖД