28 Karaganda Posl 1 Қарағанды облысының ТЖД бастығы И. Д. Күлшімбаев жеке құрам алдында Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»атты Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндірді.
Ибрагим Күлшімбаев жеке құрамға мемлекеттің одан әрі дамуы үшін басым бағыттар мен міндеттер және оларды іске асыру жолдары туралы жаңа саяси құжатта белгіленген ақпаратты жеткізді.
28 Karaganda Posl 2 «Президент халықты толғандыратын барлық мәселелер туралы біледі,жағдайды жақсарту үшін іс-қимыл жоспары әзірленуде деп сендірді. Бұл ретте ол әрбір азаматты Отанымыздың гүлденуіне өз үлесін қосуға шақырды! Президент атап өткендей, біздің ортақ міндетіміз-азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «тыңдайтын мемлекеттің» тұжырымдамасын іске асыру». Президент өз Жолдауын «келісім мен бірлік, даналық пен өзара түсіністік біздің алға жылжуымызға ықпал етеді» деген сөздермен аяқтады», - деп атап өтті ТЖД бастығы.
Жолдауында елдің алдағы дамуы, осы мақсатқа қол жеткізудің нақты жолдары, басымдықтар және міндеттер қойылды.
Жиналыс соңында Департамент бастығы бірқатар тапсырмалар берді, оның ішінде Жолдаудың негізгі аспектілерін барлық жеке құрамға жеткізуді, әрбір бағытты егжей-тегжейлі талқылап, ТЖД барлық бөлімшелерінде олардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуін талап етті.
 
Қарағанды облысының ТЖД
баспасөз қызметі