27 1 Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі" атты бірінші Жолдауын талқылау бойынша жиналыс өтті. Жиналыс департамент бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы Дербісовтің төрағалығымен өтті. Іс-шараға құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
27 2 Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов департаменттің басшылық және жеке құрамы алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, стратегиялық құжаттың мемлекет гүлденуінің маңыздылығын атап өтті.
Республиканың одан әрі стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының қатарында Нұрболат Дербісов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу қажеттілігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, ол: "Бұл аспект қазіргі жағдайда барлық құқық қорғау органдарының қызметіндегі басты бағыт болып табылады", - деп атап өтті.
ТЖ департаментінің бастығы сандық технологияларды енгізбестен мемлекеттік органдардың одан әрі дамуы мүмкін еместігіне назар аударды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы шешу олардың құқықтарын қорғаудың тиімді құралы болуы тиіс.
Қорытынды жасай отырып, азаматтық қорғау полковнигі Н. Дербісов гарнизонның жеке құрамы арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін үгіт-насихат тобын құру туралы тапсырма берді. Соңында департаменттің басшылық және жеке құрамы Президент Қ. Тоқаевтың Жолдауына қолдау білдіріп, негізгі бағыттарды іс жүзінде жүзеге асыруды қамтамасыз етуге ниеттеніп отырғанын атап өтті.
 
Шымкент қаласы ТЖД
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы