2018 жылдың 11-ші ақпанында Ресей Федерациясы аумағында Мәскеу түбінде «АН-148» жолаушы ұшағы апатқа ұшырады. 71 адам қаза тапты, солардың ішіндегі біреуі, жақын туыстары Ақтөбе қаласында өмір сүріп жатқан біздің отандасымыз болып шықты.
2018 жылдың 13 ақпанында қаза тапқан адамның анасы білікті психологиялық көмек алу мақсатында 112 қызметімен хабарласты. Зардап шеккен адамның сауалы туралы ақпарат «Апаттар медицинасы орталығы» ММ (бұдан әрі - АМО) Ақтөбе облысы бойынша филиалына жіберіліп, ондағы психолог зардап шегушімен жұмыс істеу үшін сол жаққа жіберілді. Психологтың көрсетілген мекен-жайға келген уақытында зардап шегуші эмоционалді шок, болған оқиғаны мойындамау күйінде болды: жылады, тамақ жемеді, ұлының қалған сүйектерін танымай қаламын ба деп қорқыныш-үрейде болды, болып жатқан оқиғаға рационалды түсіндірме табуға тырысты. Әйелдің қайғы-қасіретін азайту үшін психолог өз біліміне, біліктілігіне, тәжірибелік дағдыларын сүйене отырып, ол кісімен диалог құрап сөйлесуге тырысты. Пассивті және активті тыңдау техникасын қолданудың, тыныс алу гимнастикасының арқасында зардап шегушімен денелік және эмоциональді байланыс орнатылды.Психолог жұмысының мақсаты қайғырып тұрған адамның сезімдерін түсіну және қабылдау, ол кісіге назар аударып және көңіл бөлуді көрсету болды.
Психологтың екі сағаттық жұмысының нәтижесінде зардап шегушінің психоэмоционалдық күйі жеңілденді және болып жатқан жағдайды түсінуі болды. Оның күйі біркелкі тұрақтанғанына және қасында қолдау көрсете алатын адамдардың бар екендігіне көзі жеткен соң ғана, психолог өзінің жұмысын аяқтады.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ