Ағымдағы жылдың 20-шы қаңтарында сағат 21-ден 51 минут кеткенде «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің Алматы қаласы бойынша филиалы кезекшілік ету қызметіне "Шымбұлақ" тау шаңғысын тебу курортында Чехия елінің төрт туристі жоғалып кеткендігі жайлы қоңырау келіп түсті.
Медициналық көмек көрсету мақсатымен іздестіру жұмыстары болып жатқан аймаққа Алматы қаласы бойынша филиалының құрамы 3 адам және 1 бірлік техникадан құралған шұғыл әрекет ету бригадасы жолға шықты.
Іздестіруді Алматы қаласының шұғыл-құтқару қызметкерлері жүргізді.
21 қаңтар күні адасып жоғалған туристер "Шымбұлақ" тау шаңғысын тебу комплексі мен "Шымбұлақ" шыңы аралығындағы жерден табылған.
Табылғаннан кейін туристер Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету бригадасының медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Зардап шегушілерге тиянақты медициналық қарау жүргізіліп, әрі олар шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет етпеді және денсаулықтарына еш қауіп төнбеді.
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ