cmk2 Қатты жел мен боранның салдарынан республикамыздағы жол қозғалысы қиындап кетті. Жайсыз ауа райының себебінен қала сыртындағы жолдар ғана емес, сонымен қоса қалалар мен ауылдардың көшелеріндегі жолдарға да әсер етті. Осындай жағдайда онсыз да қиын кәсіп иелері дәрігерлердің жұмысы экстремалды болып кетті.
Медициналық көмекке мұқтаждардың саны күрт өсті.
Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында сағат 12-ден 03 минут кеткенде ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Астана қаласы бойынша филиалына Жибек жолы ауылында патрульдік жол полициясының машинасы мен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан екі полиция қызметкерінің зардап шеккендігі туралы ақпарат келіп түсті.
cmk5 ТЖ орын алған жерге жедел түрде кез - келген жерде жүре алатын санитарлық ТРЭКОЛ автокөлігіне мініп шұғыл әрекет ету бригадасы жолға шықты. Шұғыл әрекет ету бригадасы оқиға орнына келгенде зардап шеккен 2 адамға медициналық көмек көрсетіп, содан соң оларды Астана қаласындағы 1-ші қалалық ауруханаға жеткізді.
Дәл сол мезетте Аршалы трассасы бойындағы 42-ші жол күзет постында адам тонып қалғандығы туралы ақпарат келіп түседі. Бригаданың медицина қызметкерлері шұғыл түрде сол жерге жетіп, зардап шеккен адамға қарау жасап, содан соң ол адамды жылыну пунктісіне эвакуациялайды (МАЙ посты).
Сонымен қатар, Астана-Қарағанды трассасы бойындағы Қызылсуат ауылынан 9 адам, оның ішіндегі 5-уі бала және 38-39 апталық жүктілік диагнозымен бір аяғы ауыр әйел адам эвакуацияланып, туыстарына тапсырылды. Ал аяғы ауыр әйел №1 Перинатальдық орталыққа госпитализацияланды.
Кешке сағат 22-ден 40 минут кеткенде Целиноград ауданындағы Шнет ауылындағы тұрғынға медициналық көмек көрсету керек болып жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті.
Шұғыл әрекет ету бригадасының дәрігері келе сала науқасты қарап және электрокардиографиялық зерттеу жүргізіп, қабырғааралық невралгия диагнозын қойды. Содан соң науқас әйелді туыстарына, яғни қалаға эвакуациялады.
Ал Қарағанды облысы бойынша «Матақ» трассалық медициналық-құтқару пунктінің шұғыл әрекет ету бригадасы «Қарағанды-Қарағайлы» жол бағытында аударылған автобустағы зардап шеккен
17 адамды Бұхар-Жырау ауданы, Шешенқара ауылындағы орта мектепке эвакуациялады.
Сонғы күндері Астана қаласы бойынша филиалының шұғыл әрекет ету бригадасымен 30 адам эвакуацияланып, оның 5-уі бала болып шығып және 3 адам госпитализацияланды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ