26 ZKO Korrupc 1 Біздің мемлекетіміздің дамуының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл және аяусыз күрес. Кеңестік кезеңнен кейінгі елдер кеңістігіндегі алғашқы елдердің бірі болып Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданды.
Аталған заңнамалық акті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік функцияларды орындайтын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сыбайлас жемқорлықтың заңды түсінігі алғаш рет 1979 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 34-сессиясында тұжырымдалған, бұл құбылыс лауазымды тұлғаның лауазымдық нұсқауларды бұза отырып, сондай-ақ оларды бұзбай да осындай сыйақы беретін мүддесінде кез келген нысанда сыйақы үшін лауазымдық өкілеттіктер саласындағы қандай да бір іс-әрекеттерді немесе әрекетсіздікті орындауы деп айқындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін аталған заңының негізінде барлық лауазымды тұлғалар, Парламент, мәслихат депутаттары, судьялар, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындауға уәкілетті өзге де тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалар жауапты болады.
26 ZKO Korrupc 2 Осыған байланысты заңнамада белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлықпен жұптасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын іс-әрекет – ол сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтар болып табылады. Халықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс басым бағыттардың бірі. Ол барлық мемлекеттік, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарда ерекше бақылауда болуы тиіс.
БҚО ТЖД-ның басты бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес бөлімшелерде сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтарының алдын алу және уақтылы алдын алу бойынша іс-шаралар кешені әзірленді.
Осы бағдарлама аясында, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында 2019 жылдың басынан бастап Департаменттің және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің жеке құрамына ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаменті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және Нұр Отан партиясы филиалының өкілдерін шақырту арқылы 101 дәріс өткізілді.
Ағымдағы жылғы 18 қаңтарда, 29 наурызда, 28 мамырда, 26 шілдеде және 20 қыркүйекте олардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта сабақтар ұйымдастырылып, өткізілді.
Сонымен қатар, жас қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында РУ 170/1 түзеу мекемесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін сотталғандар тұлғалармен кездесу өткізілді.
Қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңуге болмайды және Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Тек мемлекеттің, қоғам мен бизнестің өзара сенім, жауапкершілік пен әріптестік негізінде топтасуы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық сананы қалыптастыру ғана біздің елімізде сыбайлас жемқорлық секілді әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді.
 
Мирас Алекешев
БҚО ТЖД
Кадр саясаты бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау капитаны