28 Jambyl Korrupcia 1 Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінде мемлкеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» сайты арқылы алу мүмкіндігі туралы азаматтарды хабардар ету бойынша сабақ өткізілді. Жиынға арнайы, Жамбыл облысы бойынша Қызмет көрсету орталығының құжат қабылдау жөніндегі маман Турдалиев Нурдаулет Умирбекович шақырылып, жеке құрамға LED-экранды пайдалана отырып визуалды түрде мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын түсіндіріп және жеке құрам назарына Тараз қаласы Қойгелді көшісі 158 А мекен жайы бойынша орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының оқу сыныбында білім алу мүмкіндігі туралы да айтып өтті.
28 Jambyl Korrupcia 2 Болашақта Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тек компьютерлер қалып, келген адамдар өз бетінше мемлекеттік қызметтерді жасай алады. Нұрбек Өмірбекұлы, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінің жүргізуші куәлігін алу, мемлекеттік номерлерді тіркеу, смартфон арқылы қажетті анықтамаларды алу бойынша сурақтарына толық жауап беріп, 2008 жылға дейін тіркелген азаматтық хат актілерін (неке туралы куәлік, туу туралы куәлік және т.б) деректер базасында енгізу қажеттігін ескертіп кетті.
Өрт сөндіру қызметінің Кадр саясаты бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Гарифова Мадина Гарифовна, өз кезегінде жиналған жеке құрамды ҚР ІІМ хатымен және Жамбыл облысы ПД ӨҚБ тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жай-күйі туралы шолуымен таныстырды.
 
Жамбыл облысы
Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру қызметінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы