27 Mangystau Korrupcia 1 2019 жылғы 24 қыркүйекте Елбасының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстаннық тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауының орындалу шеңберінде Маңғыстау облысы Полиция департаментінде «Анықтық.Ашықтық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға облыстың ПД, ТЖД, ҚАЖД, ІІД органдарының ардагерлері қатысты.
Маңғыстау облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Рамазанов Эмиль облыстың ІІД бойынша жалпылама сыбайластық жемқорлыққа қарсы қолданып датқан іс-шаралар туралы айтты.
27 Mangystau Korrupcia 2 Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник М. Мұханбетов өзінің баяндамасында Департаменттегі сыбайластық жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты. Департаментте 5 жыл ішінде сыбайластық жемқорлық бойынша бұзушылықтар және қылмыстық істер болған жоқ. 2019 жылы «Нұр Отан» партиясының, құзырлы мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен ҚР аумағында әкстремизге және терроризмге қарсы, сыбайластыққа қарсы заңдылықтарды 9 дөңгелек үстел өткізілді. Департаменттің барлық бөлімшелерінде "Ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлық" деректі фильмі көрсетілді. Ағымдағы жылдың ақпанда кадр саясаты бөлімі сыбайластық жемқорлыққа қарсы тақырыпта баяндама жасады.
Көліктердегі апаттарды бөлдырмау үшін, сонымен қатар әкімдік тәжірибе бойынша профилактикалық іс-шаралар шеңберінде, оның ішінде жеке құрамда жол жүру ережесін бұзушылыққа байланысты өрт сөндірушілер бөлімшелерінде кәсіби сабақ шеңберінде 6 сабақ өткізілді, жол-патрульды қызметі өкілдерін шақыртумен 1 сабақ өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сыбайластық жемқорлықты болдырмау барысында және имиджді көтеру бойынша өз пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.
 
Маңғыстау облысы ТЖД