19 Atyrau krug Stol 1 2019 жылғы 19 қыркүйекте Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ержанов Аскат Амангельдиевич ашып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен Қазақстан Республикасының құқықтық – нормативтік актілері бойынша баяндамалары тыңдалды.
19 Atyrau krug Stol 2 Аталған кездесуге ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының прокуроры
Тугубаев М.С. және маман Жанглишев Е.С., және «Ұлттық ақпараттық техноголиялар» Акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша орталығының жетекші маманы Кзылов С.Г, қатысты.
19 Atyrau krug Stol 3 Сонымен қатар, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық және құрылымдық бөлімшелер, Атырау қалалық ТЖБ және аудандар Төтенше жағдайлар бөлімдерінің басшылары қатысып, қызметке қатысты көкейкесті мәселелерді талқыға салды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қазіргі уақытта өте жауапты істің бірі. Осындай өткізіліп отырған отырыста мәселелер қаралып, көптеген сұрақтар қойылды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Аталған Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс. Сондай-ақ өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Халыққа адал қызмет ету әрбір қызметкердің міндеті. Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті халықтың сенімін нығайтуға әрқашан дайын.
 
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің
Құжаттамалық қамтамасыз ету тобы